Әлеуметтік танымдағы «ниет» эпистемасы: Этикасофиялық интерпретация

Авторлар

  • Ы.М. Палторе Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті, Алматы, Қазақстан https://orcid.org/0000-0003-0345-0990
  • Д.С. Раев Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті, Қазақстан, Алматы https://orcid.org/0000-0001-7630-5167
  • Х. Хошбатени Tabriz University, Tabriz, Iran https://orcid.org/0009-0002-6415-9558
  • Т.Т Темирбаев Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті, Алматы, Қазақстан https://orcid.org/0000-0001-5285-0339
  • С.М. Мамытова Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы https://orcid.org/0009-0004-2266-5684
  • А.Ш. Әділбаев Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті, Алматы, Қазақстан https://orcid.org/0000-0002-3211-0007

DOI:

10.26577/jpcp20259222

Аңдатпа

Бұл мақалада қазақ қоғамындағы «Ниет» концепті философиялық және әлеуметтік тұрғыдан ғылыми талдауға түседі. Мақалада «ниет» ұғымының қазақтың дәстүрлі дүниетанымындағы рөліне тоқталып, оның адам болмысының тазалығы мен моральдық құндылықтардың көрсеткіші екені алға тартылады. Сонымен қатар, «ниет» эпистемасы ұлттық мәдениеттің, философияның және этиканың негізін құрайтыны дәйектеледі.

Мақалада Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қоғамдық сананы жаңғыртуға қатысты пікірлері негізге алынып, мемлекеттік реформалар мен қоғамның дамуы «ниет» ұғымымен тығыз байланысты екені көрсетілген. Сондай-ақ, «ниет» ұғымының моральдық және рухани өмірдегі маңыздылығы, оның адам әрекетінің мотиваторлық рөлі талқыға түседі.

Қазақ би-шешендерінің мұраларындағы «ниет» концептісі де қарастырылып, оның әділдік пен адалдықтың негізі ретіндегі мәнін ашуға талпыныс жасалады. Абай, Шәкәрім, Жүсіп Баласағұн, Ахмет Йассауи сияқты ойшылдардың шығармаларына сілтеме жасалып, ниеттің адамның ішкі жан дүниесімен және қоғамдық өмірімен байланысы талқыға түседі.

Зерттеуде ниеттің позитивті және негативті түрлері ажыратылып, оның қоғамның дамуы мен тұрақтылығына әсер ететін негізгі фактор екені дәйектеледі. Исламдық көзқарас тұрғысынан да ниет мәселесі талданып, оның рухани және діни өмірдегі орны қарастырылады.

Мақала қорытындысында «ниет» ұғымының әлеуметтік, мәдени және философиялық маңыздылығы кеңінен талданып, оның қазіргі қоғамдағы өзектілігі көрсетіледі.

Түйін сөздер: Қазақ дүниетанымы, ниет, мораль және этика, қоғамдық сана, рухани құндылықтар, қоғамдық даму, президент реформалары.

Автор өмірбаяндары

  • Ы.М. Палторе, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті, Алматы, Қазақстан

    (корреспондент автор) – Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің ғылым және халықаралық байланыс департаментінің директоры, философия ғылымдарының (PhD) докторы (Алматы қ., Қазақстан, эл.пошта: yktiyar@inbox.ru).

  • Д.С. Раев, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті, Қазақстан, Алматы

    Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің шығыстану факультетінің профессоры, философия ғылымдарының докторы (Алматы қ., Қазақстан, эл.пошта: raev_53@mail.ru);

  • Х. Хошбатени, Tabriz University, Tabriz, Iran

    Tabriz University, Doctor of Philosophy (PhD) (Tabriz , Iran, е-mail: Hosseinkhoshbaten@yahoo.com)

  • Т.Т Темирбаев , Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті, Алматы, Қазақстан

    PhD, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті. (Алматы қ., Қазақстан, эл. пошта: talgat.temirbayev@gmail.com).

  • С.М. Мамытова, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы

    Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті философия кафедрасының докторанты (Алматы қ., Қазақстан, эл.пошта: samalmamytova@gmail.com);

  • А.Ш. Әділбаев, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті, Алматы, Қазақстан

    PhD, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті ислам ілімдері факультеті исламтану кафедрасының қауымдастырылған профессоры (Алматы, Қазақстан, e-mail: Adilalau72@mail.ru).

Жүктеулер

Жарияланды

2025-06-24