Матуриди ілімінің қалыптасу алғышарттары және Әбу мансур әл-матуридидің өмір сүрген ортасы
Кілт сөздер:
Матуриди, калам, мутазила, мазхаб, Мауреннахр, ақида.Аңдатпа
Бұл мақалада қазақ мұсылмандығының теологиялық негізі болып та-былатын Имам Матуриди ілімінің қалыптасу алғышарттары, оның өмір сүрген ортасы қарастырылады. Матуриди ілімі Имам Матуридиге дейінгі немесе Матуриди заманында көтерілген проблемаларға өзіндік шешім жасау, тұжырым жасау арқылы пайда болғандығы белгілі. Осы проблема-лардың қатарына иманның мәні, үлкен күнә және үлкен күнә істеген адамның о дүниедегі жағдайы, адам қалауының еркіндігі немесе еркін еместігі, тағдыр және адам тағдыры, құдайлық сипаттар, пайғамбарлық және ел басшысы (халифалық) т.б. мәселелер жатады. Бірақ, осы проблемалардың бастылары Имам Матуридиге дейін оның жүрген арнаның басында Әбу Ханифа мен оның дарынды ізбасарлары тарапынан қарастырылып, лайықты түрде тұжырым жасалған. Бірақ, Әбу Ханифа мен Ханафиттік ғұламалардың теологиялық тұжырымдары VIII ғасырдың талаптарына лайықталғандығын естен шығармаған жөн. Ал Х ғасырдың талаптары өзгерді, VN! ғасырға қарағанда проблемалар күрделене түсті, мәселелердің шешімдері мен жауаптары терең білімді, жан-жақты ізденісті талап етті. Озық ойлы, дарынды ойшыл Имам Матуриди Ханафи ілімінің терең түсініп уақыт талабына сай кейіннен пайда болған діни ағымдарға, әсіресе, солардың ішіндегі мутазилиттерге, философтарға, грек философиясы жақтастарына, шииттік тармақтарға, салафилерге (хашуия), харижиттерге т.б. жауап берді.







