Қазақ киіз үйінің этно-белгілік жүйелері
Ключевые слова:
қазақ киіз үйі, қазақ халқы, белгі, шаңырақ, уық, кереге, дүниетаным.Аннотация
Барлық дәстүрлі мәдениеттерде үй бүкіл әлем бейнесі Imago mundi болып табылады. Бұл мағынадан қазақ тұрғын үйі де қалыс қалмайды. Ол көшпенділер дүниетанымының ерекшеліктерінен тұратын бүкіл әлем моделі болып табылады. Мақалада қазақ киіз үйінің этно-белгілік жүйелері талданып киіз үй ұлттық мәдениет ескерткіші ретінде анықталады.
Қазақтың киіз үйі – үй иесінің байлығы мен барлығының, рухани кісілігі мен қоғам алдындағы орнын көрсетеді. Қазақтар өздерінің өмір тәжірибесінен жинаған құндылықтарының негізінде жасаған киіз үйінәлемде теңдесі жоқ мәдени – сәулеттік, ұлттық өнер туындысы ретінде сақтаған.







