«Музыка философиясы»: пән саласы туралы ойлар

Авторлар

  • А. Г. Карабаева Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml
  • К. А. Швыдко Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml

Аңдатпа

Мақала музыка философиясының пəндік аумағын философияның мəні мен орны тұрғысынан
анықтауға арналған. Авторлардың пікірінше, философия музыканың, музыкалық мəдениеттің дамуының ерекше логикасын, интегралды қасиеттері мен заңдылықтарын олардың сан алуандығы арқылы көрінетін əмбебап кездерді көрсете алады. Музыка феноменін зерттеу кезінде, бірінші кезекте, теориялар мен əдістердің кең жəне тармақты кешеніне байланысты, сонымен қатар метафизикалық іргетасты немесе Мартин Хайдеггердің тілімен айтқанда, дыбыстың «метафизикалық түбірін» жіберіп алмау үшін редукционизм жолына түсіп кетпеу керек. Бұл тұрғыдан авторлар бес тезис ұсынады, ал олар музыка философиясының пəн аумағын анықтауда «қазіргі пəнаралық əдістерге» қарағанда концептуалды болып табылады. Авторлардың ойынша, ең бастысы, философиялық, нағыз метафизикалық, рефлексия процесінде музыкалық болмыстың мəнді бөлігін тауып, анықтау музыканың өзі арқылы жүзеге асу керек. Сонымен музыка философиясының пəндік аумағын анықтау музыкалық жəне адами экзистенция табиғатына терең бойлаумен қатар жүреді. Түйін сөздер: философия, болмыс, тіршілік, музыка, адам, рухани өндіріс, мəдениет, шығармашылық.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-10-15