Батырлық – ұлттық рухани құндылық
Аңдатпа
Аталмыш мақалада ұлтымыздың көнеден келе жатқан, қазақтың қазақ болғанынан бері қарай қалыптасып, этностық санаға сіңген дәстүрлі ұғымы, ұлттық рухани құндылығы болып табылатын ба тырлық құбылысы жөнінде әңгіме қозғалады. Батырлықтың эпостық сарындағы қалыптасу динами касы, оның себептері мен өзіндік ішкі ғылыми-логикасының мәнін ашуға қадам жасалады. Батырлық ұғымының әлеуметтік рөлі, қоғамдық статусы, идеологемдік мазмұны айқындалып, оның рухани-мә дени құндылықтық мәртебесі анықталады және тәрбиелік мазмұнын ашуға күш салынады. Түйін сөздер: батырлық, ұлттық, рухани, құндылық, филогемдер, темпоцентризм, тұлға, тұлға лық бітім.
