Батырлық – ұлттық рухани құндылық

Авторлар

  • Д. С. Раев Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар жә­не әлем тілдері университеті
  • А. Ж. Токмурзаева Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар жә­не әлем тілдері университеті

Аңдатпа

Аталмыш мақалада ұлтымыздың көнеден келе жатқан, қазақтың қазақ болғанынан бері қарай қалыптасып, этностық санаға сіңген дәстүрлі ұғымы, ұлттық рухани құндылығы болып табылатын ба­ тырлық құбылысы жөнінде әңгіме қозғалады. Батырлықтың эпостық сарындағы қалыптасу динами­ касы, оның себептері мен өзіндік ішкі ғылыми-логикасының мәнін ашуға қадам жасалады. Батырлық ұғымының әлеуметтік рөлі, қоғамдық статусы, идеологемдік мазмұны айқындалып, оның рухани-мә­ дени құндылықтық мәртебесі анықталады және тәрбиелік мазмұнын ашуға күш салынады. Түйін сөздер: батырлық, ұлттық, рухани, құндылық, филогемдер, темпоцентризм, тұлға, тұлға­ лық бітім.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-10-14