Бұқаралық ақпарат құралдары экологиялық мәдениетті қалыптастырудың жетекші институты ретінде

Авторлар

  • С. М. Каупенбаева Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml

Аңдатпа

Бүгінгі таңда біз өз өмірімізді теледидарсыз, радиосыз және интернетсіз елестете де алмаймыз. Осы дереккөздерден біз қажетті ақпараттарды алып отырамыз. Адам әлеуметтік тұлға болғандық- тан үнемі өзінің ақпараттық тұтынушылығын қанағаттандырып отыруы тиіс. Ол ақпараттық вакуум- да өмір сүре алмайды. «Кім ақпаратты меңгерсе – сол әлемді меңгереді» деген сөз бар, сол себеп- ті адамдар айналасында болып жатқан оқиғалар туралы ақпарат алуға тырысады. Осы мақсатқа жетуге бізге БАҚ көмектеседі. Бұдан бөлек, бұқаралық ақпарат құралдары өзінің тікелей қызметін атқара отырып – ақпараттар тарату арқылы қоғамды тыныштыққа, сабырлылыққа шақыру, адам- дарға дұрыс шешім қабылдауға себепкер болу, қандай да бір оқиғаға қоғамның назарын аударту немесе керісінше басқа жаққа бұру, әлде бір нәрсеге пікір қалыптастыру, яғни қоғамдық пікірді басқара алады. Жалпы алғанда, бүкіл әлемде БАҚ-тың қоғамдық пікірді қалыптастырудағы маңы- зы өте зор екені дәлелденген жайт. Ал, біздің жағдайда бұқаралық ақпарат құралдары экологиялық сананы қалай қалыптастыра алады? Бұл үшін біз адамның табиғатпен өзара қатынас проблемасы туралы, қазіргі заманғы бұқаралық ақпарат құралдары жөніндегі ұғымдарымызды жинақтап, БАҚ- тың осы тұста қандай қызметі барын, оның адам санасына әсер етуінің түрлі әдістерін саралаймыз. Түйін сөздер: Бұқаралық ақпарат құралдары, медиа, медиамәдениет, жаһандану, телеарна, журналистика, интернет, теледидар, радио, басылымдар, кинофильм, деректі фильм.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-10-14