Батыс Қазақстанның аңыз-күйлері (аймақтық күйшілік дәстүрлердің салыстырмалы зерттеу мәселелері)

Авторлар

  • Г. Н. Омарова Казахская национальная академия искусств имени Т. Жургенова

Аңдатпа

Мақалада Қазақстанның шығыс пен батыс аймақтарында орындалатын көне аңыз-күйлердің музыкалық стилі әрқилы екені анықталады. Батыс жақтағы аңыз күйлердің саны, негізгі төкпе күй- лерге қарағанда, көп емес. Бұл олардың жергілікті емес екенін, яғни, басқа (шығыс) жақтан ауып келгенін дәлелдейді. Басқа топырақта бұл аңыз күйлер жергілік дәстүрдің ықпалында, көбінесе осы аймақтың негізгі бас – орта – саға форманың негізінде құрылған. Шын мәнінде, «Ақсақ құлан» және «Нар идірген» күйлерінің талдауы көрсеткендей. Батыс Қазақстанның теріс бұрау күйлерінде түрлі музыкалық құрылым байқалады. Олардың көне күйлер мен төкпе күйлерінің қосындысы болғаны дамыған формаларында теріс бұрау және бурдондық пішін сақталып қалғандығынан көрінеді. Бі- рақ бұл пішінде шығыс аңыз күйлеріндегі обертондық құрылым жоқ. Батыс Қазақстанның аңыз күйлеріндегі музыкалық стильдің ерекшеліетері бұл күйлерде көне музыкалық ой элементтерінің сақталуымен бірге, Қазақстанның шығыс және батыс аймақтарында қалыптасқан екі музыкалық жүйенің (субсистеманың) синтезі байқалады. Түйін сөздер: домбыра дәстүрі, аңыз-күйлер, төкпе, шертпе, обертондық пішін, ритмоформула, музыкалық-интонациялық формуласы.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-10-13