Күтпеген одақ. Сүлейман Бахир Диагненің «Исламда философиямен қалай айналысады?» еңбегін голландтық тілге аударудың маңызы туралы бірнеше жазбалар
Аңдатпа
Мақалада профессор Зверде өзінің әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де болған ғылыми іссапарының нәтижесінде белгілі философ және теолог Сүлейман Бахир Диагненің «Исламда философиямен қалай айналысады?» еңбегін қайта қарастырудың және голландтық тілге аударудың маңызы туралы бірнеше аргументтер береді.
Автор Нидерландыда өмір сүретін үлкен мұсылмандық диаспораның европалық қауымдастыққа араласуда қиындыққа ұшырауымен және исламофобия деңгейінің өсуімен байланысты қазір Диагне көтерген мәселелерді зерттеудің маңыздылығын атап өтеді.
Голландияда көптеген мұсылмандық мектептер, 450-ден астам мешіт бар, мұсылмандық саяси партиялар парламент пен мемлекеттік ұйымдарда өзіндік орындары болса да мұсылмандар өздерінің құқықтарын көп кездерде қорғай алмайды. Осы мәселенің шешімін автор ислам философиясын зерттеп оқумен байланыстырады. Исламның толеранттылық құндылығын терең қарастыру Европаға Исламды әлемдік діндер картасында бейбітсүйгіш дін ретінде бағалауға көмектеседі.
Түйін сөздер: Сулеймен Бахир Диагне, Әль- Фараби, ислам, бейбітшілік діні.







