«Мәдени талықсытпа» феномені және мәдениеттердің қарсыласуы мәселесі
Аңдатпа
Мақалада мигранттардың мәдени бірігуі мәселесі қарастырылады. Авторлар мигранттардың
мәдени бейімделуі көбіне мәдениеттердің ұқсастықтары мен айырмашылықтарының дәрежесіне
байланысты болатынын атап көрсетеді. Нәсілдік, тілдік, діни жақындықтар анағұрлым жылдам
бейімделуге ықпал етеді немесе керісінше. Мигранттардың жемісті мәдени бейімделуі
авторлардың пікірінше, мәдениетаралық диалогтардың мықты негізі бола алатын мәдениетаралық
құзыреттіліктер болғанда мүмкін. Заманауи қоғамның гетерогендігі ғаламдық өзара тәуелділікпен
үйлесімділікте бола отырып, адамдардан мәдениетаралық қарым-қатынаста белгілі бір
білімдерді, біліктер мен дағдыларды талап етеді. Адамда мәдениетаралық құзыреттіліктердің
қалыптасуы мультимәдени қоғамда диалог орнатуға мүмкіндік береді, ол артып отырған
жаһандану жағдайында бірлесіп өмір сүруге үйрету үрдісінде маңызды рөл атқарады және
осылайша, қоғамдағы қақтығыстардың төмендеуіне және мәдени фрагменттеуге ықпал етеді.
«Мәдени талықсытпаның» салдары өзге мәдениет адамдарының түсінбеуіне, қарсы тұруына
дейін артуы мүмкін мәдени магиналдануы болады. Еуропалық үкіметтер мұсылман мигранттарын
еуропалық әлеуметтік-мәдени ортаға жемісті біріктіруге талпыныстар жасады. Еуропалық
Одақтың саяси көшбасшыларының көпшілігінің пікірінше, мәдени бірігу мұсылман мигранттарға
толықтай еуропалық болмаса да, ең болмағанда еуропалық мұсылман болуға мүмкіндік береді,
демек мұсылмандарға исламды либералдандыру жағына қарай қозғалуға барынша күшті қысым
жасалады, оның мысалы ірі еуропалық жоба – Еуроислам болып табылады. Еуропалық ислам
немесе Еуроислам – исламның Еуропада мұсылман қоғамының либералдануы аясында пайда
болған жаңа бағыты болып табылады. Бұл жаңа түр ислам қағидаларын Еуропаның демократия,
заңның ұлықтылығы, адамның құқығы, гендерлік теңдік сияқты мәдени құндылықтарымен
біріктіруі тиіс, олар мұсылмандарға бір жағынан, өздерін Еуропаның толыққұқылы азаматы
деп есептеуге, әрі христиандар мен мұсылмандардың мәдени айырмашылықтарының деңгейін
төмендетуге мүмкіндік береді. Еуроислам идеясы Иран мен Сауд Аравиясының консервативті
діни адамдарының қатаң сынына ұшырайды, олар исламның либералдануынан оны еуропалық
қоғамның жапы мәдени құндылықтарында шашыратып жіберуді көреді.
Түйін сөздер: «мәдени талықсытпа», мәдениетаралық құзыреттілік, мәдениеттердің
қарсыласуы.
