Билер шешендігінің философиялық мазмұны

Авторлар

  • А. Ж. Малдыбек 1Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
  • А. Ө. Тұрсынбаева Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Аңдатпа

Мақалада қазақ билері шешендік өнерінің философиялық қырлары қарастырылады. Қазақ халқы сөз маржанын, сөз құдіретін бағалаған халық. Бір ауыз сөзде тоқтамға келу – қазақ халқының сөз мәнісін, сөз мазмұнын, сөздің төркінін түсінуден және сөздің әлеуметтік жауапкершілігін танудан туындаған. Міне, сондықтан да, аталы сөз – баталы сөз, бабалар сөзі дейтініміз. Дәстүрлі дүниетанымдағы сөз өнерінің тек сөз айту, сырласу, ой жүйелеу деңгейінде емес, аталы сөз елдің, ұлыстың саяси-құқықтықтың мәселелерін жете меңгеруге, қалыптастыруға, ең бастысы халық арасында үлгі-өнеге, түсіндіру, насихаттау бағытында жүргізілді. Қазақ халқының рухани тарихын  тұтастық тұрғысынан зерттеу, оны ғылыми сарапқа салу, жаңа өреге көтеру, билер шығармашылығынсыз толық жүзеге аспайтыны көпшілік қауымға белгілі. Қазақ билерi мен ақын-жыраулары бас-басына дербес философиялық жүйе түзбегенмен, қазақтың рухани әлемi сүттей ұйыған бiртұтастылық аясында дамығандығы ақиқат. Мiне, сол күрделi бiртұтастылық аясында қалыптасып дамыған қазақи қоғамдық сананың iшiнен билер шығармашылығын көлемі шағын мақалада қысқаша қарастырып, билер шығармашылығының философиялық арқауы болып табылатын билiк шешiмдерiн, сөз саптау үлгiлерiн, танымдық тағылымын зерттеу арқылы билер дүниетанымын философиялық тұрғыдан жүйелеу. Жалпы, философия адамның әлемді тани білуін, ойлау еркіндігі мен бостандығын көрсетеді. Философия – адамзат ойының, ақылының іргетасы. Ол әр кезде адамды әлем тіршілігінің тұңғиығына жетелейтін ой байланысына, ой үрдісіне, ой ағымына бағыттап отырады. Осы тұрғыдан алғанда, қазақ философиясы, оның ішінде, билердің дүниетанымдық көзқарастары – қазақ халқының дүниені, әлемді тану, игеру, бағалау әдіс-тәсілдерінің өзіндік ерекшеліктерінің аясы болып табылады. Яғни, ол қазақтың ұлттық мәдениетінің бар болмыс-бітімін қамтитын рухани кеңістік іспеттес. 

Түйін сөздер: рухани жаңғыру, билер дүниетанымы, шешендік өнер, даналық.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-08-01