Э. Тарастидың экзистенциалды семиотикасы (Eero Tarasti «Seinund Schein: Explorationsin Existential Semiotics» (De Gruyter Mouton, 2015 еңбегін сараптау негізінде)
Кілт сөздер:
семиотика, белгілер, экзистенциалды семиотикасы, музыкалық мәдениет, экзистенциалдық тәжірибе, күнделікті өмір.Аңдатпа
Бұл мақалада авторлар жаңа ғылыми бағыттың қалыптастыру та- рихын-экзистенциальды семиотика бағытын ашады. Бұл бағыттың авторы фин ғалымы, музыкалық мәдениетті зерттеуші Ээро Tарасти болып табылады. Мақалада авторлар экзистенциалдық семиотика- ның негізгі ережелерінің сипаттамасын береді, оның концепциясы- ның қайнар көздерін қарастырады. Э.Тарастидың жұмысының басты орталық категориясы «болмыс», «жасау», «көріну» сияқты ұғымдар болып табылады. Осы ұғымдардың көмегімен ғалым қазіргі заманғы әлемнің ең маңызды әлеуметтік мәселелерін түсіндіреді. Э.Тарасти- дің әдістемелік принциптері әртүрлі «шағын өнер», мысалы театрлан- дырылған көрініс ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. Экзистен- циалдық семиотиканың объектісі ретінде экзистенциальды өмірмен байланысты күнделікті адам өмірінде қолданылатын әртүрлі аспекті- лер болуы мүмкін.
