Білім беру реформаларының проекциясындағы адам капиталы
Кілт сөздер:
адам капиталы, білім экономикасы, ақпараттық қоғам, білім беру сапасы, өмір бойы білім алу.Аңдатпа
Мақалада қоғамның маңызды стратегиялық ресурсыретіндегі «адам капиталының» қалыптасуы мен ұдайы жаңғыртылуындағы жеке сұрақтар қарастырылады. Қазіргі заман шартында адам капиталының ұдайы жаңғыртылуындағы іргелі мәселелер білім беру жүйесіне тиесі- лі, ол өз кезегінде үздіксіз трансформациялану үдерісінде болады. Сөйтіп, адам капиталы туралы түсінік экономикалық теория шегінен шығып, әлеуметтік даму үрдістеріне сәйкес жаңа мағынаға ие болады.
Адам капиталына әлеуметтік-философиялық талдау жасауға жү- гіну Қазақстанның еуропалық білім беру интеграциясына белсенді түрде қосылу тұрғысынан алғанда да өзекті болып табылады. Бо- лондық үдерісті жүзеге асыру өлшемдерінің бірі ұлттық және халы- қаралық деңгейде білім беру сапасын қамтамасыз ету және бағалау болып отырғандығын атап өту маңызды. Көптеген елдерде бұрын оқыту, ішкі сапаны қамтамасыз ету және басқару жүйесі, ғылыми зерттеулер мен студенттерді қолдау қызметтері сияқты объектілер- ге бағытталған сапаны қамтамасыз етудің сыртқы үдерістері қазіргі уақытта және болашақта өмір бойы оқып-үйрену және студенттерді кәсіби еңбек нарығында еңбекпен қамтамасыз ету мүмкіндіктеріне аса үлкен назар аударуға тиіс екендігі байқалады.
