Халықаралық келіссөздерді зерттеудің теориялық- әдістемелік негіздері

Авторлар

  • А. А. Кеңесов

Кілт сөздер:

халықаралық келіссөз, теоретикалық-әдістемелік, қызмет, әдіс, жіктелу, теория.

Аңдатпа

Халықаралық келіссөздердің ғылым және пән ретінде қалыптасып
дамуындағы теориялық-әдістемелік негіздер және халықаралық
келіссөздерді ғылымның нысаны ретінде зерттеу амал-
дары аталған ғылымның негізгі бағыттарының бірі болып табылады.
Мақалада әлемдік саясат теориясындағы халықаралық келіссөз-
дердің алатын орны анықталды. Халықаралық келіссөздер әдісте-
месінің қалыптасып дамуы бірнеше кезеңдерден тұрады. Халықаралық
келіссөздердің теоретикалық-әдістемелік негіздерін зерттеу
барысында осы мәселемен айналысатын немесе айналысқан ғалымдардың
ой-тұжырымдамалары маңызды болып келеді. Солардың
ішінде
американдық, еуропалық және ресейлік ғалымдардың теоретикалық-
әдістемелік амалдары халықаралық келіссөздердегі саяси
шынайылықты түсініп ұғынуға үлкен ықпалын тигізді. Халықаралық
келіссөздердің теоретикалық-әдістемелік негіздерінің зерттелуі
келіссөздердегі концепциялық мәселелерді түсінуге мүмкіндік
берді. Халықаралық келіссөздерде жалпыға ортақ теоретикалық-
әдістемелік негіздердің жоқ екендігі анықталды. Халықаралық
келіссөздердің теоретикалық-әдістемелік өлшемдері көптеген
мәселелерді анықтауда маңызды орын алады. Қазақстандық ғылымда
халықаралық келіссөздерді зерттеу барысында оның теоретикалық-
әдістемелік негіздеріне өте аз көңіл бөлетіндігі айқындалды.

Жүктеулер

Жарияланды

2015-03-01