Халықаралық келіссөздерді зерттеудің теориялық- әдістемелік негіздері
Кілт сөздер:
халықаралық келіссөз, теоретикалық-әдістемелік, қызмет, әдіс, жіктелу, теория.Аңдатпа
Халықаралық келіссөздердің ғылым және пән ретінде қалыптасыпдамуындағы теориялық-әдістемелік негіздер және халықаралық
келіссөздерді ғылымның нысаны ретінде зерттеу амал-
дары аталған ғылымның негізгі бағыттарының бірі болып табылады.
Мақалада әлемдік саясат теориясындағы халықаралық келіссөз-
дердің алатын орны анықталды. Халықаралық келіссөздер әдісте-
месінің қалыптасып дамуы бірнеше кезеңдерден тұрады. Халықаралық
келіссөздердің теоретикалық-әдістемелік негіздерін зерттеу
барысында осы мәселемен айналысатын немесе айналысқан ғалымдардың
ой-тұжырымдамалары маңызды болып келеді. Солардың
ішінде
американдық, еуропалық және ресейлік ғалымдардың теоретикалық-
әдістемелік амалдары халықаралық келіссөздердегі саяси
шынайылықты түсініп ұғынуға үлкен ықпалын тигізді. Халықаралық
келіссөздердің теоретикалық-әдістемелік негіздерінің зерттелуі
келіссөздердегі концепциялық мәселелерді түсінуге мүмкіндік
берді. Халықаралық келіссөздерде жалпыға ортақ теоретикалық-
әдістемелік негіздердің жоқ екендігі анықталды. Халықаралық
келіссөздердің теоретикалық-әдістемелік өлшемдері көптеген
мәселелерді анықтауда маңызды орын алады. Қазақстандық ғылымда
халықаралық келіссөздерді зерттеу барысында оның теоретикалық-
әдістемелік негіздеріне өте аз көңіл бөлетіндігі айқындалды.
Жүктеулер
Жарияланды
2015-03-01
Журналдың саны
Бөлім
САЯСАТТАНУ
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Халықаралық келіссөздерді зерттеудің теориялық- әдістемелік негіздері. (2015). Journal of Philosophy, Culture and Political Science, 50(1). https://bulletin-philospolit.kaznu.kz/index.php/1-pol/article/view/18
