Канттың философиялық идеяларындағы білімнің мəдениетке араласуы
Аңдатпа
Бiлiм – бұл мəдениеттiң негiзiн қалайтын категориялардың бірі болып табылады. Бiлiм адам үшін ұлттық жəне əлемдік мəдениетке жол ашып, оның мəдени бірегейлігін дамытуда конструктивті рөл атқарады. Канттың философиялық-ағартушылық идеяларында мəдениет білім беру процесінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылды. Кант бойынша, мəдениетте қабілеттер жайлы айтылады, мəселен, баланың «кез келген мақсатына» жетуі үшін барлық қажетті білімі мен қабілеттерін дамыту. Кант еркіндік мəдениетін дамыту туралы айтады. Кант бойынша білім беру процесінде еркіндіктің үш түрі маңызды рөл атқарады жəне мəдениеттің пəні болуы керек. Білім берудің мақсаты – адамзатты кемелдікке жетелеу. Кант бойынша, білім берудің мақсаты адамға жаратылысын танытып, адамдық болмысын дамытуға септігін тигізу. Білім берудің негізгі мақсаттарының бірі – мəдени байланыс орнату. Түйін сөздер: білім беру, білім беру философиясы, мəдениет.
