Рухани көсемдердің, жыраулардың XV-XVIII ғасырлардағы көшпелі қоғам үндестігіндегі рөлі

Авторлар

  • A. Sh. Turgenbayeva Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml
  • K. Zhanabayev Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml
  • B. M. Bozhbanbayev Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml

Аңдатпа

XXI ғасырда мәдениеттану ғылымы адам және адам дамуы туралы кешенді ғылым ретінде өзін түсінудің жаңа айналымына шығып келеді. Бұл жалпы жаһандану заманында әртүрлі этностар өкілдерінің өздеріне ғана тән айырмашылықтарын, ұлттық ерекшеліктері мен өздерінің тарихи естеліктерін жоғалтпауға септігін тигізетін өздерінің түпкі мәдени негіздерін аса мұқият зерттеуге талпыныстарымен байланысты. Осы мақала оның XV-XVIII ғасырлардағы түркі көшпелі эпостық ортасындағы үндестігі, мәні, түрлері мен қызмет істеуі тақырыбына арналды. Үндестік – пайда мен сұлулықтың мәнін, заттар мен қоғамдық құбылыстардың мақсаттылығын, олардың жүйелі тәртіптілігін, қарама-қайшылықтардың (бинарлықтар) үйлесімділігі мен тепе-теңдігін сипаттайтын маңызды эстетикалық санат. Ортағасырдағы (XV-XVIII ғасырлардағы) көшпелі қазақтардың эпостық жыршылары, жыраулары үндестік тасымалдаушыларының жарқын үлгісі ретінде алға шықты. Жыршы тек қана эпостық және лиро-эпостық шығармаларды шығарып қана қойған жоқ, ол сонымен бірге хан кеңесінің жетекшісі, ханның кеңесшісі, қолбасшы, дипломат болды, қоныстарды рулар арасында бөлген. Соғыс пен бейбітшілік, көшпелілер қауымының өмір сүруінің бүкіл жылдық тәртібі осы орталық тұлғаға байланысты болған.
Түйін сөздер: үндестік, агон, ерекшелік, құрылым, атқарымдар, рухани көсем, жырау, әлеуметтік үндестік, қоғамның әлеуметтік үндестігінің қағидасы, әскери-көшпелі демократия, синкреттік өнер, батырлар, билер, ақындар.

Жарияланды

2018-04-03