БАҚ бұқаралық сананы бұрмалайтын фактор ретінде
Аңдатпа
Мақалада БАҚ-тың əлеуметтену жəне қоғамның құндылық бағдарларының қалыптасу үдерісіндегі рөлі қарастылылған. БАҚ əрекетінде құндылық бағдардың барлық өзгерістері, мемлекеттің идеологиясындағы барлық алмасулар көрініс табады. БАҚ-тың заманауи қоғамға ықпал етуін бағалаумен айналысатын авторлардың көбісінің пікірінше, БАҚ-тың əлеуметтену жəне дəстүрлі жағымды құндылық бағдарлардың қалыптасуы бойынша əрекетінде əзірше едəуір деңгейде БАҚ-тың əрекетін реттеу саласындағы мемлекеттің шын мəнінде өзін-өзі шеттеушілікпен байланысты жағымсыз жағдайлары басымдырақ болуда. Заманауи БАҚ-тың жағымсыз ықпалы адамның ішкі, рухани əлемін бақылайтын жəне ауыстыратын мінез-құлықтың тираждалған стандарттарының көмегімен бұқаралық сананы бұрмалауда көрініс табады. Бүгінгі таңда қалыптасқан жағдай БАҚ-ын бағалаудың бір мағыналы еместігін туындатады. Бір жағынан, бұқаралық коммуникацияның жəне БАҚ-тың дамуы жеке адамдардың қоршаған əлем туралы хабардарлығына жағымды əсер етеді, бірақ сонымен қатар олардың дамуы бұқаралық сананы бұрмалайтын ықпалға ие. Түйін сөздер: бұқаралық ақпарат құралдары, əлеуметтену, құндылықтық бағдар, бұқаралық сана, манипуляция, бұқаралық мəдениет, ақпарат кеңістігі.
