Қазақстан Республикасындағы дінаралық келісім мəдениеті
Аңдатпа
Мақалада 2012 жылы Астанада ұйымдастырылған Əлемдік жəне дəстүрлі дін жетекшілерінің IV съезінің бағдарламасы қарастырылады. Съездің күн тəртібінде қарастырылған мəселелерінің маңызы, əлемдік қауымдастық пен ғаламдағы тұрақтылық жəне бейбітшілікке тигізер ықпалы атап өтіледі. Сондай-ақ автор өткізілген съездің Қазақстан Республикасы үшін əлеуметтік-рухани дамуына жəне қоғамдағы конфессияаралық түсіністіктің дамуына ықпалы көрсетіледі. Түйін сөздер: дін, диалог, съезд, толеранттылық, бейбітшілік, тұрақтылық
