Ұлттық мəдениет: дəстүр мен жаңашылдық
Аңдатпа
Мақалада ұлттық мəдениеттегі дəстүр мен жаңашылдық мəселесі қарастырылған. Дəстүр мен жаңашылдық (инновация) түсінігі ғалым-философтар ұзақ уақыттар бойы талқылаған мəселе болып келеді. Бұл тақырыпты батыстық, ресейлік, шығыстық жəне отандық зерттеушілер əртүрлі, тіпті кейде қарама-қарсы позициялардан зерделеген. Сонымен қатар жаңашылдық пен дəстүрлер – мəдениет дамуы үдерісінің екі жағы. Мəдениет тұрақты жəне өзгермелі моменттерден тұрады. Осы тұрғыда қазақ халқының дəстүрлі мəдениеті өзіне тəн ерекшелігімен, риясыз тазалығымен, зерделі мəн-мазмұнымен, пайымдылығымен адамзат мəдениетімен ежелден сабақтас болады. Ғасырлар бойы қалыптасқан рухани-мəдени сабақтастық өз дəстүрін осы күнге дейін жалғастыруға талпынып келеді. Рухани байлық əр кезде əр халықты ұлт ретінде сақтап қалатын жəне оны өзгелермен қатар өмір сүру құқығын дəлелдейтін императив. Түйін сөздер: мəдениет, дүниетаным, сұхбат, жаңашылдық, дəстүр, фольклор







