Қазақ философиясындағы адам жəне табиғат үйлестігі
Аңдатпа
Қазақ философиясындағы адам мəселесі ең негізгі болып табылады. Мақалада тек оның негізгі жақтары ғана қарастырылады. Оның методологиялық, тарихи жəне логикалық аспектілері қарастырылады. Абай Құнанбаев, Шəкəрім, Сұлтанмахмұт Торайғыров жəне т.б. негізінде қазақ философиясының онтологиялық жəне гносеологиялық ерекшеліктері жəне қазақ қоғамының рухани құндылықтары анықталады. Түйін сөздер: антропология, табиғат, адам, тəңірлік, шамандық, зороастризм, жалғыздық, деизм.







