Дəстүр философиясы

Авторлар

  • A. A. Kuranbek Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ
  • A. H. Ramazanova Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ

Аңдатпа

Берілген мақалада дəстүрдің философиялық негізі қаралады. Дəстүрлі мəдениеттің проблемаларының қазіргі əлемде өзекті мəселеге айналуы жаһандану процессіне халықтың мəдени мұрасының тұрақты күйде жаңарып тұру қажеттілігі ретінде жауап беріледі. Дəстүр бұл жерде уақытта жəне кеңістікте үлкен тұрақтылыққа йе индивид жəне топтардың материалды жəне рухани аспектілерде жалпы байланысына негізделген əлеуметтік жəне рухани өмірді ұйымдастырудың кеңауқымды формасы ретінде көрініс береді. Қажетті құрылымдық компоненттерде жүзеге асырылатын жəне жалпы маңызға йе қоғамдық өзара байланыстың рухани формалары ерекше маңызды болады. Осы дəстүрдің əлеуметтік тасымалдаушылары оның рухани құндылықтарының бірлігі ретіндегі тұтастығын, идеяларын, білімдерін, бағдарын, нормалары мен символдарын қамтамасыз етеді. Дəстүр мен инновацияның бірлігі қоғам дамуындағы жалғастықтықты, оның болашақпен байланысын қамтамасыз етеді жəне қоғамды өзінің динамикасына бағындырады. Бұл этностың құрылуы мен дамуының əртүрлі кезеңдерінде байқалады. Түйін сөздер: экология, адам, рухани даму, салауатты өмір салты, қоршаған орта, тəн мəдениеті. 

Жүктеулер

Жарияланды

2019-02-20