Қазіргі заман тіл философиясындағы «жеке тіл» ұғымының когнитивті аспектілер
Аңдатпа
Бұл мақалада «жеке тіл» ұғымына жалпы анализ жүргізіледі. Қарастыру барысында «жеке тіл» ұғымының когнитивті феномен ретіндегі сипаттамасы анықталады. Зерттеу аймағында салыстырмалы методологиялық анализ қолданылады. «Жеке тіл» ұғымын зерттеу екі бағытта жүргізіледі: тіл құрылымының жеке формасы ретінде немесе өзінің референті болып келетін сезімдік ретінде. Зерттеу барысының аяғында «жеке тіл» ұғымының философиялық абстакция екендігі жəне оның ойлау экспериментінде қалыптасқандығы анықталды. Ол толық мəнде коммункативті ортада болу мүмкін емес. Бұған себеп мақалада келтірілген логикалық аргументтерді айтуға болады.







