Ортағасырлық Батыс Еуропада философиялық ойдың даму барысы жəне ерекшелігі

Авторлар

  • N. J. Baitenova Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ

Аңдатпа

 Мақала ортағасырлық батысеуропалық философияның негізгі даму кезеңдеріне жəне өзіндік ерекшеліктеріне арналған. Ортағасыр философиясы 5-15 ғғ. аралығын қамтып, Еуропа тарихында Рим империясының күйреуінен бастап, Қайта өрлеу дəуіріне дейінгі мың жылдардан астам уақытты қамтыды. Бұл кезде Еуропада феодалдық қарым-қатынастар қалыптасып, христиан діні өмірдің барлық салаларына үстемдігін жүргізе бастады. Ортағасыр философиясы феодализм кезеңіне сəйкес келген соң қоғамды діни идеология басқарды. Бұл кезеңнің ерекшелігі – ортағасырда таза философия болған жоқ, онда қалыптасқан негізгі мəселелер христиан идеяларымен байланысты болды. Ортағасырлық батысевропалық философияның даму барысына талдау жасаудың негізінде, мынадай қорытынды жасауға болады: оның тек қана бір бағытта дамуына қарамастан, яғни діни-идеалистік сипатта болуына қарамастан, осы философиялық ойлау шеңберінің ішінде көптеген мəселелерді қойып, кейбіреулеріне жауап беруге тырысқан. Ортағасырлық батысевропалық философияны өзіндік мəн-мағынасы бар, жалпы əлемдік философиялық ойлау жүйесінде ерекше орны бар, əлемдік философияның даму барысына өзіндік үлес қосқан ерекше философиялық жүйе деп қарауға толық негіз бар. Түйін сөздер: Құдай, дүние, адам, діни идеология, патристика, схоластика, номинализм, ақыл, ерік, сана. 

Жүктеулер

Жарияланды

2019-02-18