ҚР мемлекеттік жастар саясатының стратегиялық басымдылығын таңдаудағы мəселелері
Аңдатпа
Мақалада қазіргі кездегі қазақстандық жастардың жағдайлары, мемлекеттік жастар саясаты қалыптасуының мəселелері қарастырылған. Сонымен қатар оларды шешудің əртүрлі жолдары талданған. Жастар саясатын жүргізудегі қоғамдық институттардың, соның ішінде саяси партиялардың алатын орындары нақты анықталған. Авторлар еліміздегі жастар саясатының жүру барысын сараптаған. Жастардың қоғам үшін қауіпті топтардың бірі екендігі анықталған. Түйін сөздер: жастар, саясат, əлеуметтік өсу, саяси əлеуметтену, мемлекеттік жастар саясаты
