Орталық Азия аймағындағы қауіп-қатердің алдын алу стратегиясы
Аңдатпа
Бұл мақалада автор Қазақстан Республикасының Орталық Азиядағы саясатына талдау жасай отырып, оны жүзеге асыру үдерістерінің жоғарғы динамикасы мен ішкі жəне сыртқы факторлардың тізбегімен сипатталатын күрделі стратегиялық ортада жүргізілетінін атап өтеді. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Орталық Азия аймағындағы ұлттық мүдделерін объективті тұрғыда бағалап жəне сəйкесінше ой елегінен өткізу қажет. Осыған орай, Орталық Азиядағы аймақтық қауіпсіздіктің қайтадан пайда болған жəне потенциалды тəуекелдері мен қатерлерін сыни көзбен саралауға қажеттілік туып отыр. Түйін сөздер: стратегия, қауіпсіздік, Ауған факторы, Орталық Азия.
