Зерттеу жазбасы: Қазақстандағы университеттік жастарды зерттеудің әдістері
Аңдатпа
Берілген мақалада Қазақстандағы студент жастарды зерттеудің жаңа әдістері мен оны өткізудің негізгі кезеңдері ұсынылған. Бұл әдіс Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің ғылыми жобасы шеңберінде Қазақстандағы студент жастардың саяси мәдениетін талдауда қолданылды. Зерттеу жазбасында қажетті ақпаратты алу үшін сұралатын студенттер мөлшері, сауалнаманы сұрыптау мен әзірлемелерді құрудың негізгі қағидалары толық түсіндірілген. Қазақстандағы 10 жоғары оқу орындарының студенттері сұралып, респонденттер саны 1161 құрады. Зерттеу барысында авторлар ұшырастырған негізгі сауалдар мен мәселелер көрсетілді. Мақсатқа бағытталған сұрыптауды қолданудың қажеттілігі дәлелденді. Сұрыптау көлемі регрессивті талдау жүргізуге мүмкіндік берді. Мұның барлығы Қазақстандағы студенттердің саяси белсенділігін, олардың билік институттарына сенімі деңгейін, саяси құндылықтарын айқындау бойынша мәліметтер алуға мүмкіндік берді. Түйін сөздер: әдістер, сұраптама, регрессиялық (regression) талдау, жастар сауалнама, студенттер







