Қазақстан Республикасындағы конфликтологияны дамыту мәселесі бойынша (әлеуметтік-мәдениеттанымдық аспектісі)
Аңдатпа
Жанжалдардың елеулі жиілігі мен олардан туындайтын проблемалардың өткірлігі
жанжалдардың нақты себептерін анықтауды және әлеуметтік салдарын мағыналы зерттеуді талап
етеді. Осыған байланысты олардың пайда болу заңдылықтарын жанжалтану сияқты ғылымның
аясында зерттеу қажеттілігі туындайды. Жанжалтанудың Қазақстандағы қалыптасу және ғылым
ретінде институциялану мәселелері ерекше маңыздылыққа ие болуда. Мақала авторының басты
мақсаты жанжалдың негізгі сипаттарын оң және теріс қасиеттері тұрғысынан қарап көру болып
табылады. Автор Қазақстандағы жанжалды проблемаландыру мәселесіне көңіл бөледі.
Материалдар мен әдістер: зерттеудің әдістемелік негізі жанжалды теория тұрғысынан ғана
емес қоғамның тарихи дамуы тұрғысынан да қарауға мүмкіндік беретін жанжалды талдаудың
ғылыми және тарихи парадигмасы болып табылады.
Зерттеудің нәтижелері: Жанжалтану жанжалды шешудің баламалы әдісі ретінде медиацияны
көкейкесті етумен байланысты екені негізделді. КСРО мен Қазақстандағы жанжалтану дамуының
негізгі кезеңдері анықталды.
Талқылау және тұжырым: Талдаудың негізінде Қазақстандағы жанжалтану дамуын тежейтін
проблемалар, құралдық (ұғымдық) аппараттың проблемалары, жанжалды реттеу мүмкіндіктері
белгіленген. Жанжалды шешу және жанжал туу мүмкіндіктерін азайту аясындағы жанжалтанудың
негізгі бағыттары беріліп отыр. Жасалған зерттеу жанжалтанудың мазмұнын нақты анықтау үшін
медиация мен жанжалтанудың арасындағы айырмашылығын нақты анықтауды талап ететінін
көрсетеді. Автордың пікірі бойынша жанжалтану жанжал туралы жүйелі білім мен жанжалдан
кейінгі келіссөз технологияларды дамыту негізінде дамуы қажет.
Түйін сөздер: жанжал; медиация, келіссөз технологиялары; қоғам.







