Саяси ойлар тарихындаға әділдік теориясы қоғамдағы наразылық пен жемқорлықты жоюдың негізгі дәлелі

Авторлар

  • Zh. Zhansugurova Әл-Фараби атындағы қазақ мемлекеттік университеті
  • Ramos Montaner Кастильи-Ла Манч Университеті

Аңдатпа

Әділдік категориясы – саяси ұғым ғана емес, оның ауқымы өте кең. Әртүрлі тарихи кезеңдердегі саяси ойды талдау күрделі тарихи және натуралистік тәсілдерді кешенді қолдану негізінде авторлар бұл категорияның терең табиғи мағынасы бар және ол қоғам үшін, оның мекемелері мен азаматтары үшін заң болу құқығы бар деген қорытынды жасайды. Бұл категорияда, саяси құрылым мен тұлғаның барлық мәні бірліктің бір бөлігі ретінде көрінеді. «Табиғат заңдары адам заңдарынан бұрын пайда болған – тек олар ғана тұрақты... қоғамдық заңдар табиғат заңдарымен келісімге келген жағдайда ғана әділ деп аталуы мүмкін». Әділдік теориясының ғасырлар бойы қалыптасқан принциптерінің түпқайнарын түсінудің маңыздылығы авторлардың ойынша жемқорлықтың тамырын жойып, қоғамның наразылығын азайтуға мүмкіндік береді және бұл осы зерттеудің негізгі мақсаты болып табылады. Мақала саясаттанулық зерттеудің бастапқы теориялық бөлігі «жемқорлық» құбылысына қатысты Қазақстан мен Испанияныңреспонденттердің көзқарастарына арналған. Бұл елдердегі жемқорлықтың қауіпінің мемлекет
пен қоғамға әсеріне салыстырмалы баға беру зерттеудің экспериментальды бөлігіне арналады.
Түйін сөздер: әділдік теориясы, жемқорлық, саяси көзқарас, тарих, билік, азамат,қоғам,
ақиқат, құндылық.

Жарияланды

2019-01-02