Түркістан қаласының таңбалық табиғаты және Қожа Ахмет Яссауи кесенесі: далалық зерттеулер тәжірибесі
Аңдатпа
Мақалада Түркістан қаласының және Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің таңбалық-символдық сипатын оның тұрғындарының ұғынуына талдау жүргізілді. Жүргізілген зерттеулердің нәтижелері авторларға көптеген тұрғындар үшін Түркістан тек қана Қазақстанның ерекше мекені ғана емес, сондай-ақ, түркітілдес халықтар арасындағы түйісу нүктесі болып табылады деген шешімге келуге мүмкіндік берді. Қазіргі жаһандану жағдайында бұл қауымдастық пен байланыс символы болып табылады. Мәдени және діни ескерткішті бейнелейтін Қожа Ахмет Яссауидың кесенесі көптеген адамдар үшін психологиялық, рухани және моральдық жағынан бейімделу орны болып табылады.Терең сұхбат жүргізу барысында авторлар әдет-ғұрыптық ескерткіштердің негізгі символикалық құбылыстарын және олардың қоғамдық санадағы рөлін анықтады. Уақыт талаптарына және жаһандану үдерістерінің әсеріне байланысты таңбалардың қасиеттілігі трансформацияланатыны анықталды. Түркістан қаласы мен Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне далалық зерттеулер тәжірибесі негізінде семиотикалық талдау дәстүрлер мен инновациялар, өткенді діни және тарихи жаңғырту қоғамдық сананы белсенді түрде жаңғырту шеңберінде жүзеге асырылатынын анықтады. Жаһандану жағдайында бірыңғай «символды» түсіну мәдениеттердің қақтығысына әкелуі мүмкін.
Түйін сөздер: Таңба, Қожа Ахмет Яссауи кесенесі, Түркістан, қасиетті орындар, далалық







