Қазақстандық ақпараттық кеңістіктің әлеуметтік -философиялық аспектілері

Авторлар

  • D Balabekuly Әл-Фараби атындағы қазақ мемлекеттік университеті
  • Zh. Altayev Әл-Фараби атындағы қазақ мемлекеттік университеті
  • Sh. Aliyev Әл-Фараби атындағы қазақ мемлекеттік университеті

Аңдатпа

Заманауи қоғам өзінің әлеуметтік-философиялық зерттеулерінің ерекшеліктерін анықтайтын «ақпараттық» деп сипатталады. «Post-modern» дәуірі ақпараттық ағындардың көлемінің артуы мен коммуникациялық өзара байланыстың виртуализациясымен ерекшеленеді. Мақала электронды мәдениет әлемінде маңызды рөлге ие виртуалды коммуникация құбылысын сипаттау мен талдауға арналған. Авторлар субъектімен қатынасына байланысты виртуалды коммуникцияның жүйелік түрлерін, виртуалды коммуникацияға тән өзгешеліктер мен ерекшеліктерді айқындап, адам мен қоғамға тигізер ықпалын саралайды. Қазіргі заманғы ақпараттық қоғам жағдайында адам өмірінің тіршілігі мәселесі қарастырылады. Бұл мақала виртуалды қарым-қатынастың коммуникативті тұлғаға тигізер қайшылықты ықпалы турасындағы кейбір әлеуметтік-философиялық мәселелерге де арналған. Интернеттің пайда болуының әлеуметтік-мәдени шарттарына талдау жасалып, виртуалды шындықтың факторы түріндегі онлайындық әлеуметтік желілер құбылысының өмірге келуінің алғышарттары анықталады. Ғаламдық Интернеттің адамның материалдық және рухани мәдениетіне тигізіп жатқан әсері толығырақ сипатталған. Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар жаһандану жағдайында ұлттық қауіпсіздік факторы ретінде қарастырылады. Ақпарат пен коммуникацияның ұлттық мемлекетке, қоғамға, адамға әсер етуінің нақты қауіп-қатерлері көрсетілген. Сондай-ақ, қазақстандық ақпараттық кеңістіктегі виртуалды коммуникативтік практиканың әлеуметтік-философиялық аспектілері қарастырылады.
Түйін сөздер: виртуалды коммуникация, виртуалдандыру, ақпараттық қоғам

Жүктеулер

Жарияланды

2019-01-01