ХХ ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚ ӘДЕП МӘДЕНИЕТІ
Аннотация
ХХ ғасырдың басында қазақтың дәстүрлі әдеп мәдениетін өзгерту қажеттігін мойындаған мынадай бағыттар қалыптасқан:
1. Түркиядағы “Танзимат” және Ресейдегі милләтшілдік пен жәдидшілдік идеялары ықпалымен дамыған діни-реформистік ағым (М.-Ж. Көпеев, Ғ. Қараш, Г. Мұсағали, А. Әділбайұлы, Ә. Кердері т.т.) Жәдидшілдік атауын қазақ тіліне “жаңару, елдікті сақтау үшін жаңа бағытты ұстау” деп аударуға болады.








