Этносаралық келісімнің мәдени-өркениеттік контексті

Авторы

  • К. Н. Аликенова І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті
        32 29

Ключевые слова:

Түйін сөздер, этнос, өркениет, адамзат, құндылық, гуманизм.

Аннотация

Мақалада Қазақстандағы этностардың саяси және өркениеттік болмысы мәдени үрдістің даму ерекшеліктері арқылы сипатталған. Этностардан құралатын адамзат туралы ұғым олардың барлығын біріктіретін жалпы өлшемді мойындауды логикалық түрде аңғарта­ ды. Мұның мәнісі әр өркениетте жалпы адамзаттық сипатқа ие адам­ заттың ортақ жетістігін құрайтын бір тағдырмен байланған мәдени құндылықтардың бар екендігіне саяды. Оларға тұлғаның қоғамдағы орны зайырлы және діни гуманизм, парасат бостандығы, эстетика­ лық көркемдік, еркіндік, бірқатар экономикалық құндылықтар, эко­ логиялық түсініктер т.б. жатады. Этностық бірегейлену абстрактылы ұран болып қалмауы керек. Этностың өзі адамдық Мен төңірегінде заман талаптарына сай мо­ дернизацияға ұшырап отыруы қажет. Әртүрлі тарихи дәстүрлер, мә­ дени үрдістердің өзара ұшырасып, тоғысуының, синкретті бірлігінің нәрінен мол сусындаған қазақ мәдениетінде өзіндік келбеті, таптыр­ майтын өзіндік даралығы қалыптасты.

Загрузки

Как цитировать

Аликенова, К. Н. (2016). Этносаралық келісімнің мәдени-өркениеттік контексті. Вестник КазНУ. Серия философии, культурологии и политологии, 51(2). извлечено от https://bulletin-philospolit.kaznu.kz/index.php/1-pol/article/view/87