Ғаламдық социумның азаматтық бірегейлігінің ноосфералық-рəміздік парадигмасы
Аңдатпа
Мақалада ғаламдық социумдағы азаматтық ядроның нығаюларының негізі қарастырылған. Əлемдік тұтастықтағы ноосфералық-символдық концепцияда ғаламдық социумдағы басты парадигмалардың дамуы көрсетілген. Қоғамдық тəжірибеде білім беру шеңберінде қазіргі қоғам дамуының алғашқы негізі қарастырылған. Азаматтық қоғам ғаламдық социум өмірінде білім беру стратегиясын жүзеге асырудың жетекші субъектісі. Əлеуметтік гуманитарлық интеллегенциялардың шығармашылық ойы жəне интеллектуалдардың пайымдаулары жаратылыстану ғылымдарында азаматтық қоғамның ресурстарымен бірегейлендірді. Ноосфералық ғылымифилософиялық парадигма - интеллигенцияның əлеуметтік іс-əрекетінің концептуалды негізі. Ғылыми-философиялық пайымдаудың ойлаудың жалпыға бірдей негізі адамдардың вербалдырəміздік қарым-қатынасының заңдары болып табылады. Түйін сөздер: ноосфералық парадигма, ғаламдық социум, азаматтық қоғам, азамат, интеллигенция, білім беру қоғамы, онтологиялық символизм.







