Біріктіруші жалпыұлттық идеяны қалыптастырудың əлемдік саяси тəжірибесі

Авторлар

  • S. Sh. Musataev Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml
  • K. S. Mendigaliyev Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml

Аңдатпа

Мақалада əлемдік саяси тəжірибедегі мемлекет халқын топтастырушы ұлттық идеялардың үлгілері мен олардың эволюциясына саясаттанулық талдау жасалады. Қазақ хандығы, Алашорда кезеңіндегі, тəуелсіз Қазақстандағы жалпыұлттық идеялардың даму сатылары тұжырымдалады. Жаһандық жəне локальді ауқымдағы ұлттық идеялар салыстырмалы түрде зерделеніп, сипаты мен іс-əрекет етуіне, бағытына қарай бірнеше түрге жіктеліп қарастырылады. Сондай-ақ мемлекеттің саяси жүйесіне байланысты ұлттық идеялардың өзіндік ерекшеліктері болатыны қамтылып, ұлт пен ұлттық идеяның арақатынасына назар аударылып, жұмылдырушы идеяларға ғылыми сипаттама беріледі. Авторлардың тұжырымы бойынша Қазақстанның тарихи ұлттық идеясы кезеңдік сатылардан соң жəне сапалық өзгерістерден кейін Президент Жолдауында айтылған «Мəңгілік ел» идеясына қадам басты. Түйін сөздер: ұлт, идеология, идеологема, ұлттық идея, ұлттық бірегейлік, концепция, топтастыру, «Мəңгілік ел».

Жүктеулер

Жарияланды

2018-11-27