Қауіпсіздік мəселелерін зерттеудегі тұжырымдамалық дəлелдемелер
Аңдатпа
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мəселесі өзіне геосаясатты жəне халықаралық қатынастарды, сонымен қатар саяси аспектілерді бірге алып жүретін орта. Мақалада осы феноменді зерттеудің əдістері жəне негізгі дəлеледемелері анықталған, қауіпсіздік ұғымы кең мағынада қарастырылған. Авторлар халықаралық қатынастар факторларын немесе қандай да болмасын мемелекеттің белгілі бір кезеңіндегі қауіпсіздік мəселелерін адамзат тарихындағы нақты мысалдармен келтірген. Əлемдік деңгейде саяси жүйенің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында, неореализм, саяси реализм, идеализм концепциялары көрсетілген. Авторлар қазіргі таңдағы қауіпсіздік мəселесін қарастырғанда осы феноменді зерттеуде қолданбалы əдісті ұсынған. Түйін сөздер: қауіпсіздік, халықаралық қатынастар, геосаяат, тұрақтылық, саяси реализм, саяси неореализм.
