Дінаралық келісім – мемлекет пен дін қатынасының негізі

Авторлар

  • B. K. Beysenov Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml
  • N. B. Manapbaev Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml

Аңдатпа

Дінаралық келісім əр қоғамның тұрақтылығының маңызды элементі болып табылады. Конфессияаралық жəне ұлтаралық келісімнің сақталуы мемлекет пен діни ұйымдардың бірлескен қарымқатынастарында ғана құрылуы мүмкін. Бұлжөнінде түрлі діндерді ұстанатын ұлыстар тұратын Қазақстанға өзжерінде бейбітшілікті нығайту жəне келісім мəдениетін халықаралық аренада нығаюы мен дамуына да мүмкіндік туғызады. Қазіргі Қазақстанға əр түрлі діндердің тең құқылы қатар өмір сүруі, барлық конфессияларға мемлекеттік саясаттың бірдей қарауы негізіндегі қарым-қатынас балансы, заң алдындағы теңдік бойынша төзімділік мəдениетінің қалыптасуы тəн. Салиқалы саясаттың арқасында, қазіргі Қазақстанда жаңа этникааралық жəне конфессияаралық қатынастар орнығып, қазақстандықтарды Мəңгілік елдің ортақ мақсат, ортақ мүдде,ортақ болашақ құндылықтары мен ортақ тағдыр ұйыстырады. Қазақстандық мəдениетте этникалық жəне конфессионалды аспектілердің диалектикалық байланысын ұғыну, олардың менталитетте, өмір тіршілігінде, тарихи жад жəне өзіндік идентификация процесінде ерекше маңыздылыққа ие. Мақалада Қазақстандағы қоғам мен конфессияаралық қатынастар қозғалады. Жалпы, мақаланың негізгі мақсаты дінаралық келісімнің зайырлы қоғамдағы келісім мəдениетін нығайтуды жетілдіру жолдарын зерделеу. Түйін сөздер: дін, мемлекет, қоғам, дінаралық келісім, идентификация.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-11-27