Қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасындағы мемлекетік-діни қатынастар: мəселелері мен жаңғыруы

Авторлар

  • A. I. Lukpanov Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml

Аңдатпа

Бұл мақалада қазіргі Қазақстандағы мемлекеттік-діни қатынастар қарастырылады. Мұнда мемлекеттік-діни қатынастардың қазіргі Қазақстан қоғамы өміріндегі орны мен рөлі анықталған. Олардың өзара қатынастарының өзекті мəселелері ой елегінен өткізіледі. Мемлекеттік-діни қатынастардың алдағы даму кезеңдеріндегі тенденцияларын анықтауға талпыныс істелген. Негізгі мəселелерді қарастыруда Қазақстан Республикасының маңызды мемлекеттік құжатары «Қазақстан2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты, 2012 жылы майда Астанада өткен Əлемдік жəне дəстүрлі діндер көшбасшыларының 4- съезі материалдары қолданылған. Ой үдерісінің пəні ретінде автор «мемлекетті-діни қатынастар» атты формуланы таңдайды. Автор стратегиялық тұрғыда дінге қатысты дұрыс жол таңдау арқылы тəуелсіз мемлекеттердің үлкен жауапкершілігі мен гуманизмін көрсеткендігін дəлелдеуге тырысады. Діннің жəне халықтың діни санасының дамуында тарихи мəдени дəстүрдің көп ғасырлар бойы үзілген байланысы қайта қалыптасты. Діннің, оның ішінде ислам дінінің беделі артты. Қазақ халқы мен оның мəдениеті мен дінінедегентарихиəділеттілікқайтаорнады. Мемлекетпендіниконфессияларарасындатөзімділік, толеранттылық пен белсенді əлеуметтік-саяси серіктестік негізінде конструктивті өзара қатынас пайда болды. Мақалада осылардың қазіргі Қазақстан қоғамының өміріндегі алар орны мен рөлі анықталған. Сонымен қатар мақалада олардың өзара əрекетінің өзекті мəселелері талданады, осы қатынастардың даму сатысындағы қазіргі жағдайы мен болашақ жай-күйі, кезеңдері сипатталады. Ұлтаралық жəне конфессияаралық қатынастар мемлекеттің саяси бағытының негізгі жаңа бағыттарының бірі болып табылады. Қазіргі таңда Қазақстанда азаматтардың ұлтына, діни сəйкестігіне қарамастан теңдік бойынша мемлекеттік саясат жүзеге асып отыр. Олардың мемлекет өмірінің барлық салаларындағы үдесіртерге белсенді ену байқалуда. «Қазақстан-2050» стратегиясында Қазақстанның ХХІ ғасырдағы діннің əрі қарай даму мəселелері көрсетілген. Қазақстан халқы Ассамблеясымен қатар мемлекет жүзеге асырып отырған қоғамдық келісімнің сақталуы мен нығаюы көрсетілген. Сонымен қатар өз кезегінде діни конфессиялар Қазақстан қоғамындағы діннің қайта жаңғыруы мен моральды-адамгершілік дəстүрлердің əрі қарай нығаюына белсенді əсер етеді. Мəселелерді ашу мақсатында мақалада Қазақстан Республикасының маңызды құжаттары – «Қазақстан-2050» стратегиясы, 2012 жылы мамыр айында Астана қаласында өткен əлемдік жəне дəстүрлі діндердің көшбасшыларының 4 – съезінің материалдары пайдаланылған. Түйін сөздер: мемлекет, стратегия, дін, мемлекеттік-дінаралық қөатынас, тəуелсіздік, заң, ұлтаралық жəне конфессияаралық қатынас, толеранттылық, келісім, съезд жəне т.б.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-11-26