Н.А. Бердяев философиясында адамды қызықтыру мен құлдыққа салу нысандары
Аңдатпа
Мақалада Н.А.Бердяев еркіндіктің қарама-қарсылығы ретінде құлдықты санайды жəне оның пікіріне
сəйкес, еркін болу қаншалықты қиын болса, құл болу соншалықты жеңіл. Құлдықтың ең бастапқы нысаны
ретінде Н.А.Бердяев адамның болмыстығы құлдығын атады. Болмыс – бұл онтология болуға ұмтылатын
пəлсапалық категория. Н.А.Бердяев пікірінше, жеккөрушілік те ұнамайтын адамды еркіндігінен айы-
рып, құлдыққа салуға ұмтылыс болып табылады. Құдай жəне адам ақыл-ойының өнімі болып табылатын
Құдай идеясын ажырату қажет. Құдай мен адам арасында ерекше делдал, яғни адамның объективтіленген
санасы тұр. Құдай тұтастық емес, сол сияқты, ол болмыс немесе абсолют те емес. Мұның барлығы – аб-
страктылы ойлау өнімдері. Н.А.Бердяевтің пікірінше, оның біртұтас Құдайдың бар екендігін абсолютті
ақиқат ретінде мойындауында.
Түйін сөздер: адам, құлдық, патшалық, болмыс, Құдай, Абсолют, Рух, теология, пантеизм, табиғат,
ғарыш.
