Жоғарғы оқу орындарының студенттерінде идеялық иммунитетті қалыптастырудағы рухани ағартушылық жұмыстың рөлі

Авторлар

  • Ш. Рысбекова Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық мемлекеттік университеті
  • С. Абжалов Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық мемлекеттік университеті
  • Г. Рысбекова Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық мемлекеттік университеті

Аңдатпа

Мақалада ЖОО студенттер арасында экстремистік көзқарастың пайда болмауының алдын алу шара-
ларына байланысты біліктілікті қалыптастыру мəселесі қарастырылады. Жастар арасында экстремизмнің
таралуы қазіргі Қазақстандағы алаңдатарлық жағдайлардың біріне айналып отыр. Қылымыстық əрекеттер,
зорлық жасап, күш көрсету деңгейі өсуде жəне де олар неғұрлым ұйымдастырылған түрге айналуда.
Қоғамда экстремистік жəне террористік көріністерге қарсы күрестің ең бір тиімді бағыты – оның ал-дын
алу болып табылады. Экстремизмге қарсы үгітті ұйымдастыру біліктілігі оқу орындарында қажет. Оны
шешу үшін оқу бағдарламаларына діни экстремизмге үгіттен сақтануды көтеретін тақырыптарды кіргізу
керек. «Дінтану» курсы жастарды осы құбылыспен байланысты əлеуметтік қауіпті жағдайларды дұрыс бағалауға, адамдардың санасына əсер етілген жағдайда қажетті психикалық қорғаныс формаларын
меңгеруге, тоталитарлық бағыттағы культтер мен діни ұйымдардан жапа шеккендерге көмек көрсетуге
мүмкіндік береді.
Түйін сөздер: экстремизм, біліктілік, жастар, элективті курстар, білім беру бағдарламасы, дінтану,
деструктивті діни ұйымдарды топтамалау.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-11-25