Жаһандану, ұлттану жəне тұлғалану аясында сұхбаттасуға деген сұраныс
Аңдатпа
Автор мақалада диалогты өмірлік белсенді көзқарас пен ойлану жүйесінің индикаторы, оның түрлі жағдайдағы функционалды мəн-мазмұны ретінде қарастырады. Тəуелсіз елде пəрменді диалог демократияның түріне, қоғамдағы тұрақтылықты нығайтудың тəсіліне айналуда. Ашық қоғамда диалогты үш деңгейде – тұлғаны əлеуметтендіру, этносаралық қатынастарды жаңғырту, қоғамды басқару аясында талдау жəне қолдану қажеттілігі артуда. Стратегиялық бағдарға орай диалог инновациялық ойлану қарқынын үдетуге, ақиқатты бұрмалаушылық пен бей-жайлықты сейілтуге тигізер ықпалын арттыруда. Мақалада диалог қызметі үш бағытта – жаһандану тенденциясы, ұлттық мүдде жəне адам қызметінің мотиві арқауында тарқатылады. Автор өзара келісімге, адамды дамыту мен өзін-өзі жетілдіру қалпына жеткізетін іскерлік қатынастың мүмкіндіктері туралы ойларын оқырманға ұсынады. Түйін сөздер: диалог, еркіндік, өзіндік, белсенділік, жаһандық жəне ұлттық өзгерістер.







