Құқық қорғау органдарындағы мемлекеттік кадр саясатының тенденциясы, қайшылықтар мен өзекті мәселелері
Аңдатпа
Мақала өзекті мəселеге – Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарындағы мемлекеттік кадр саясатына арналған. Демократиялық, құқықтық жəне əлеуметтік мемлекеттің дамуы кезінде мемлекеттік қызметтің тиімділігі мен маңызына ерекше назар аударылған. Әкімшілік реформаны жүргізу, Қазақстан үшін оның даму тарихындағы жаңа кезеңде күн тəртібінің басымдық бағыттардың бірі болып табылатыны атап көрсетілген. Шет елдердің тəжірибесі, сондай-ақ құқықтық тəртіпті қамтамасыз етудің қазіргі қалыптасқан жүйесіндегі негізгі мəселелер мен қайшылықтар талданады, құқық қорғау қызметін ұйымдастыру жан-жақты қарастырылады, құқық қорғау қызметінің қоғам талабына жəне қазақстандық мемлекеттің өмір сүруі үшін жаңа саяси əрі экономикалық жағдайына сəйкес келмеуі зерттелген. Осы тұрғыда құқықтық мемлекетті құру мен оның ішкі тұрақтылығын, өркендеуін қамтамасыз етудің маңызды шарты болып табылатын құқық қорғау жүйесін жаңарту қажеттігіне айрықша көңіл бөлінеді. Құқық қорғау органдарының басқарушылық құрылымының қызмет етуін қалыптастыру мен дамытуға жасалған ғылыми талдаудың негізінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруға байланысты ұйымдастырушылық жəне тəжірибелік шараларға шолу жасалады, қылмыстық жағдайдың себептері мен құқық қорғау органдарына азаматтардың сенім деңгейі ашып көрсетілген. Құқық қорғау органдарында мемлекеттік кадр саясатын қалыптастыруға саяси биліктің, саяси көшбасшылардың маңызы мен рөлі атап өтіледі. Түйін сөздер: құқық қорғау органдарындағы мемлекеттік кадр саясаты, қоғамда құқықтық тəртіпті қамтамасыз етудің мəселелері, құқық қорғау жүйесін жаңарту.
