Қазақстанның әлеуметтік модернизациясындағы кәсіби одақтардың рөлі
Аңдатпа
Қазақстан Республикасының кəсіподақ қозғалысы өзінің сапалы жаңғыру кезеңіне өтті. Қазақстандағы кəсіподақ қозғалысын реформаландыру əлеуметтік жаңғыру кезеңінде қалып, кəсіподақтар əлеуетінің қазіргі таңда толығымен ашылмауынан, Қазақстанға күшті кəсіподақтардың қажеттігінен туындап отыр. Мақалада кəсіподақтың қоғам мен мемлекет үшін маңызы оның мазмұнын, қорғаныштық жəне өкілдік қызметін, азаматтық қоғамның қалыптасуындағы оның рөлін жəне мемлекетпен өзара қарым-қатынасын зерттеу арқылы анықталады. Қазақстандағы кəсіподақ қозғалысының қоғамдағы беделінің төмендеуіне əкелген кəсіподақ қызметінің төменгі тиімділігінің объективті жəне субъективті факторлары көрсетілген. Қазақстан Республикасы əлеуметтік жаңғыруында кəсіподақтың рөлін арттыру қажеттілігі əлеуметтік серіктестікке, ҚР еңбек заңнамасын сақтауда кəсіподақ пен жұмыс берушінің жауапкершілігін күшейтуге негізделген əлеуметтік-еңбектік қатынастардың жаңа үлгісін жасауды талап етеді. Кілт сөздер: кəсіптік одақтар, кəсіподақтардың қорғаныстық қызметі, кəсіподақтардың өкілдік қызметі, азаматтық қоғам жəне кəсіподақтар, кəсіподақтар жəне мемлекет, еңбектік даулар, əлеуметтік жаңғыру, əлеуметтік тұрақтылық.
