Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарындағы Мемлекеттік кадр саясаты: саяси биліктің және басқарудың тиімділігін арттырудың моделі

Авторлар

  • R. Dossymbekova Департамент кадровой работы Генеральной прокуратуры Республики Казахстан

Аңдатпа

Мақалада мемлекеттік кадрлық саясат саласындағы теориялық, əдістемелік, тəжірибелік мəселелерге институционалдық жəне саясаттану тұрғысынан талдау жасалады, оларды құқық қорғау жүйесінде құқықтық жəне ұйымдастырушылық негізде реттеу барысы талданады, қазіргі кезеңдегі мемлекеттік басқарудың кадрлық саясатты қалыптастырудың ерекшеліктері жан-жақты ашып көрсетіледі; Қазақстанның құқық қорғау жүйесін одан əрі жаңарту аясында дамудың келешегі мен оның мазмұны белгіленеді. Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарында мемлекеттік кадр саясатының жаңа моделін қалыптастыру жəне құқық қорғау жүйесін жаңарту қажеттігі дəлелденген, бұл жағдай қазақстандық қоғамның инновациялық, демократиялық жолмен дамуын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік басқарудың жəне саяси биліктің тиімділігін арттыруға ықпал етуге тиіс. Ауқымды деректерді қамтитын материалдар зерттелді, құқық қорғау жүйесін реформалаудың тəжірибесі қарастырылды, əдістердің тиімді ұстанымдарына талдау жүргізілді, құқық қорғау органдарында кадрлық жұмыстың жүйесін оңтайландыруға ықпал ететін факторлар атап көрсетілді. Осылардың нəтижесінде Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының кадрлық саясатының Тұжырымдамасының əдістемелік негіздері əзірленді. Түйін сөздер: мемлекеттік кадр саясаты, құқық қорғау жүйесін жаңарту, құқық қорғау органдарындағы мемлекеттік кадр саясатының моделі.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-11-25