Жаһандану контекстіндегі философиялық білім дискурсі
Аңдатпа
Мақалада жаһандану (табиғи мақсаттағы) феномені кең көлемде философиялық аспектінің анализімен бірігіп, білімнің де қазіргі уақыттағы өзгерістерімен байланыстырылған. Жаһандану процесі ықпалының ең ауқымды көрінісі білімнің шеңберінде орын алуда. Сұрақтың мынадай жүйеде қойылуы жаһанданудың үдерісін байқауға деген нысананы дəлдейді, ол «глобализм – ғаламдық» деген сияқты ұғымдарды кең ауқымда қарастырады. Айтылған ойға орай кең айналымда көпшілікті философиялық, əлеуметтанулық, мəдениеттанулық пайымдауларға жүгіндіреді, міне, сондықтан да жаһанданудың феномені білімге өз ықпалын тигізеді. Нəтижесінде экономикалық жəне əлеуметтік жаһанданудың аспектілерінің əсері – білімді өзгеріске əкелетін саяси маңызды рефлекс. Білім берудің құзыретті айқындамалары көрсетілген. Түйін сөздер: жаһандану, глокализация, білім, білімнің мақсаттары, құзыреттілік.
