Аймақшылдық және аймақтық қауіпсіздік: Азиялық-Тынық мұхиты шоғырландыру модельдерінің парадокстары

Авторлар

  • S. K. Pestsov Школа региональных и международных исследований Дальневосточного федерального университета

Аңдатпа

Мақалада Азиялық-Тынық мұхиты аймағының мысалында аймақтық шоғырлануды қарқындандыру мен  аймақтық қауіпсіздікті күшейту арасындағы қатынас мəселесі  қарастырылады. Классикалық шоғырландыру теориялары əлемдегі бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету идеясымен тығыз байланысты. Бірақ АТА-дағы  эмпирикалық зерттеулер шоғырландыру процестерінің өсуі мен  аймақтық қауіпсіздік арасындағы алшақтықты атап өтеді. Бұл фактілер АТА-дағы  жетістіктерді əсірелеп көрсетумен байланысты түсіндіріледі. Аймақтағы (оның жеке бөлшектеріндегі) қазіргі кезеңдегі шоғырландырудың деңгейінің жетістіктері аймақтағы қауіпсіздік жағдайына елеулі əсер ете алмайды. Сонымен қоса көптеген мамандар қарастырып жүрген Азиялық-Тынық мұхиты аймағының аймақшылдық шоғырландыру моделі қауіпсіздік саласындағы жағдайларды қамтамасыз етпейді, керісінше топтық кооперациялардың арақатынасының күшеюіне кедергі жасайды. Түйін сөздер: аймақшылдық, аймақтық шоғырлану, аймақтық қауіпсіздік, Азиялық-Тынық мұхиты аймағы, шоғырландыру моделі.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-11-24