Шихабуддин ас-Сухравардидың «рухани түрде нұрға бөлену» концепциясы
Аңдатпа
Бұл мақала ас-Сухраварди атты ирандық мəшхур философтың ой-пікірлеріне жан-жақты талдау жасайды. Мақалада аталмыш ойшылдың сезім мен ақыл, сондай-ақ интуиция мен логика арасында табысты да, терең синтез жасай алғандығы көрсетіліп отыр. Яғни ойшыл өз еңбектерінде ешкім ақыл мен жүрек жəне ілім мен руханият арасындағы дəстүрлі бинарлық оппозициясы арқылы шынайылықты жеткілікті дəрежеде түсіне алмайды деп бағалағандықтан оның түп-тұқиянын қалдырмай жойған. Ас-Сухраварди Ислам əлемінде перипатетизм жəне неоплатонизм пікірлерін сынға алған ең алғашқы ойшылдардың бірі болып табылып, философияның əлгі ағымдарының жаратылыстың мəн-мағынасын толыққанды түсіндіре алмағандығын дəлелдеуге тырысқан. Сонымен қатар ол өзі өкілі болған ислам медениетінің негіздері бұрынғы діндер негізге алған, бірақ та кейіннен адамдар тарапынан бұрмаланған философиялық көзқарастарды жетік ұғыну үшін мүмкіндік туғызады деген нық сенімде болып ежелгі Персияның философиялық даналығын жаңартуға үлкен үлес қосқан. Сондай-ақ ол ежелгі Грек медениеті мен ежелгі персиялық сенімдерді ислами дүниетанымға тайсалмай енгізе білген. Сол əрекеті арқылы, «philosophia perennius», яғни мəңгі философия деген тезисті алға тартқан философия тарихындағы алғашқы ойшылдардың бірі болды һəм Мулла Садра сияқты атақты ирандық ойшылдарға жолбасшы болды. Түйін сөздер: суфизм, адам, рухани құндылықтар, мəдениет, философия, болмыс, тіршілік, интеллект.
