Мəдени жаңғырудың философиялық мəселелері
Аңдатпа
Мақаладамəденижаңғырудыңфилософиялықмəселелерімен оның қазақ қоғамындағыерекшеліктері қарастырылады. Мəдени жаңғыру қоғамның жаңғыру үдерісінің құрамдас бөлігі болып табылады. Жаңғыру деп дəстүрлі қоғамның жəне оның мəдениетінің заманауи қоғам үлгісіне трансформациялануын айтамыз. Мəдени кеңістіктегі жаңғыру білім берудің секуляризациясын, идеялық жəне діни плюрализмнің болуын, жаппай ағартушылық жұмыстарының таралуын болжайды. Авторлар көрсеткендей өзгелер секілді біздің қоғам да жаһандық əлеуметтен тыс болашаққа ілгерілеуі мүмкін емес, өйткені ол жаһанданудың құрамдас бөлігі болып табылады. Əлемдік жүйенің қандай да болмасын бір бағыт-бағдарға өзгеруі оның əлеуметтік, мəдени жəне мемлекеттік жүйелеріндегі өзгерістердің жалпы бағыттарын айқындайды. Қазақстан даму жолының ерекшелігі оның нақты ұлттық қызығушылықтарымен байланысты. Əлемдік жүйемен өзара ықпалдастық халықаралық құқықпен реттеледі, ал мемлекет шеңберіндегі трансформациялар Қазақстанның əлеуметтік, мəдени институттарының, азаматтардың ділі мен практикалық əрекеттер стильдерінің өзіндік ерекшеліктеріне тəн жүзеге асырылады. Түйін сөздер: философия, мəдениет, жаңғыру, жаһандану, мультимəдениет, əлеуметтену, ұлттық мəдениет







