М.Жұмабаев шығармашылығындағы тарихи жəне рухани сабақтастық мəселелері

Авторлар

  • A. B. Shaldarbekova М.Əуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

Аңдатпа

Мақалада Мағжан Жұмабаевтың өз шығармаларына сүйене отырып, ақынның тарихқа деген көзқарасы философиялық тұрғыда талданды. Мағжанның көптеген тарихи тұлғаларға баға бере отырып, заман ағымын бағамдап, кешегі, бүгінгі, болашақ уақытты бағалай отырып, тарихи болмыс пен сананың қалыптасуына тірек, негіз болатын тетіктерді анықтағандығы айтылды. Қоғамның дамуында тарихи сананың маңызды рөл атқаратындығы көрсетілді. Мағжан Жұмабаев ақын, ұлт азаматы бола отырып, туған халқы алдындағы жауапкершілікті түсіне, сезіне білген. Мақалада ақынның ел болашағын ойлап, ұлттың сақталып қалуы үшін тарихқа үңілудің, өткеннен өнеге алудың маңызды екендігін көрсеткендігі айтылды. «Тұранның бір бауында», «Түркістан» сияқты көптеген өлеңдері арқылы ұлтты рухтандыра білгені ашып көрсетілді. Түйін сөздер: тарихи болмыс, сана, Түркістан, Тұран, алаш, ұлттық тарих, ұлт тағдыры.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-11-24