Байлық пен еңбекті қазіргі заманғы қоғамның əлеуметтік құндылықтары ретінде түсіну
Аңдатпа
Мақала байлық феноменін əлеуметтік құндылық ретінде түсіндіруге арналған. Қазіргі замандағы қоғамда байлық деген тек белгілі бір ақша мөлшері немесе игіліктің болуы емес. Байлық құндылыққа айналды. Оны медиа арқылы насихаттайды. Егер де бұрын байлыққа ұмтылу мадақталмаса, енді ол адамдар үшін жетекші бағыт-бағдардың бірі болды. Сонымен қатар еңбекке деген құндылықты көзқарас та өзгерді. Біржағынан, еңбек табыс көзі, сондай-ақ көңіл-күйдің маңызды реттеушісі болып табылады. Екінші жағынан, классикалық еңбектің маңыздылығы технологиялардың қарқынды дамуы мен білім рөлінің күшейтілуінен құнсызданды. Классикалық еңбек деп нақты бір өндірістегі қол еңбекті түсінеді. Бірақ бүгінгі таңдағы қоғам үшін орта қатар өкілдерінің, яғни білімді адамдардың артуы маңызды. Орта таптар өкілдері қол еңбегі саласында жұмыс жасамайды. Дəл сондықтан қазіргі заман қоғамында кəсібиліктің рөлі өте жоғары. Сондықтан да байлықтың құндылығы рөлінің күшеюінен жəне қазіргі заманғы қоғамдағы еңбек трансформациясы себебінен əлеуметтік əділдікке қол жеткізу барған сайын қиындап барады. Түйін сөздер: əлеуметтік құндылық, байлық, əлеуметтік теңдік, кəсібилік, тəуекел.







